Facebook және стартаптар туралы

Тимур Бектұр
6 min readSep 30, 2022

--

Credit — Google Images

Біздің виртуал (бәлкім реал өмірімізді де) өмірімізді 5–6 техникалық компания өзара бөліп алған.

Сондай-ақ, олар сол бөліністі әрі қарай жалғастыра түскісі келеді.

Өздеріңіз білесіздер, ХХ ғасырда адамзат баласы зұлмат кезеңді басынан кешірді. Бір емес екі дүниежүзілік соғыс болды. Әлемнің біраз жерінде геноцид, ашаршылық, қақтығыстар болды. Бірақ, ең ірі оқиғалар — әлемдегі алпауыт елдердің планетаны өзара пышақ үстінде бөліп алуымен байланысты. Мәселен, Еуропаны тізерлеткен Осман Империясының пашақ-пашағын шығарды.

Оның барлығы өткен заманда қалды демеңіздер. Қазір мынау Ресей сияқты санасы артта қалған елдер ғой әлі күнге дейін территориялық претензиямен айналысып, жоқ жерден жаяу әскер соғысын ашып жүрген. Қазір технология заманы болғандықтан, алпауыт елдерде алпауыт компаниялар бас көтеріп келеді. Олар, біздің виртуал әлемімізді меншіктеп алған.

Біз, ІТ мамандары, әлемнің ең мықты деген, естіген жұрт таң қалатын техникалық компанияларда жұмыс істеуге тырысамыз. Мойындау керек, көпшілігімізге бұл арман.

Алайда, Фейсбук соншалықты мықты ма?

Айта алмаймын. Оның мықтылығы — ақшасының көптігінде. Ақшасының көптігі сол — өзінің программистеріне “Қазір заман осылай дамып келеді, сондықтан мынадай бірнәрсе жасаңыздар…” деп айтып, түсіндіріп, арқайын жұмыс, көп ақшаға үйреніп қалған олар бірдеңені ұғамын, жасаймын дегенше, жердің бір жерінде жаңа пайда болған, өздері аш, интеллектері сұмдық, программистік потенциалы мықты, жай ғана ІТ маманы емес, сонымен бірге ондаған жыл болашақты болжай білетін, әрі кәсіпкерлік те қыры бар адамдар жасаған дайын өнімді (ІТ салада бағдарлама, сайт, мобайл әпп, тағысын тағы сервис, қосымшалардың барлығын — өнім, product деп айтады) сатып ала салған жеңіл.

Фейсбук бар болғаны көзіне түскен, әлемді өзіне қарата бастаған жас стартапты жұта салуымен ғана мықты.

Мысалы, сіз бен біз білетін Фейсбуктың барлық сервистерін Фейсбук программистері немесе Марк Цукерберг жазып шыққан емес.

Айталық, елге танымал Instagram, WhatsApp, Oculus сияқты қызметтерді сатып алған болса, АҚШ-та ең жиі қолданылатын Facebook Messenger қосымшасы Beluga деген стартап технологиясының базасында құрылған.

Facebook 2004 жылы құрылған болса, ол 2005 жылдың өзінен бастап жұлдызы жанып келе жатқан технологиялық компанияларды сатып алу арқылы, қазір мына біз қолданып отырған желіні қырық құрақ етіп құрастыра бастаған.

Міне, techwyse келтірген оның толық тізімі:

AboutFace was acquired on August 2005 — $200K
Parakeya was acquired on July 19, 2007
ConnectU was acquired on June 23, 2008 — $31 Million
FriendFeed was acquired on August 10, 2009 — $47.5 Million
Octazen was acquired on February 19, 2010
Divvyshot was acquired on March 2, 2010
Friendster acquired on May 13, 2010 — $40 Million
ShareGrove was acquired on May 26, 2010
Nextstop was acquired on July 8, 2010 — $2.5 Million
Chai Labs acquired on August 15, 2010 — $10 Million
Hot Potato acquired on August 20, 2010 — $10 Million
Drop.io was acquired on October 29, 2010 — $10 Million
FB.com domain name acquired on November 15, 2010 — $8.5 Million
Rel8tion acquired on January 25, 2011 — Undisclosed
BELUGA was acquired on March 2, 2011 — Undisclosed
Snaptu was acquired on March 20, 2011 — $70 Million
RecRec acquired on March 24, 2011 — Undisclosed
DayTum was acquired on April 27, 2011
Sofa was acquired on June 9, 2011
MailRank was acquired on June 9, 2011
Push Pop Press acquired on August 2, 2011 — Undisclosed
Friend.ly acquired on October 10, 2011 — Undisclosed
Strobe acquired on November 8, 2011 — Undisclosed
Gowalla was acquired on December 2, 2011
Instagram was acquired on April 9, 2012 — $1 Billion
Tagtile was acquired on April 13, 2012 — Undisclosed
Glancee acquired on May 5, 2012 — Undisclosed
Lightbox.com was acquired on May 15, 2012 — Undisclosed
Karma was acquired on May 21, 2012 — Undisclosed
Face.com was acquired on June 18, 2012 — $100 Million
Spool acquired on July 14, 2012 — Undisclosed
Acrylic Software acquired on July 20, 2012 — Undisclosed
Threadsy was acquired on August 24, 2012 — Undisclosed
Atlas was acquired on February 28, 2013 — Less than $100 Million
Osmeta was acquired on March 2013
Hot Studio was acquired on March 14, 2013
Spaceport was acquired on April 23, 2013
Parse was acquired on April 25, 2013 — $85 Million
Monoidics was acquired on July 18, 2013
Jibbigo was acquired on August 12, 2013
Onavo was acquired on October 13, 2013
SportStream was acquired on December 17, 2013
Little Eye Labs was acquired on January 8, 2014 — $15 Million
Branch acquired on January 13, 2014 — $15 Million
WhatsApp acquired on February 19, 2014 — $19 Billion
Oculus VR was acquired on March 25, 2014 — $2 Billion
Ascenta was acquired on March 27, 2014 — $20 Million
Liverail was acquired on August 14, 2014 — $500 Million
ProtoGeo Oy was acquired on April 24, 2014 — Undisclosed
Pryte was acquired on June 2014 — Undisclosed
PrivateCore acquired on August 7, 2014 — Undisclosed
WaveGroup Sound acquired on August 26, 2014 — Undisclosed
Wit.ai was acquired on January 6, 2015 — Undisclosed
Quickfire acquired on January 8, 2015 — Undisclosed
TheFind acquired on March 14, 2015 — Undisclosed
Surreal Vision acquired on May 26, 2015 — Undisclosed
Pebbles acquired on July 16, 2015 — $60 Million
Masquerade acquired on March 9, 2016 — Undisclosed
Two Big Ears acquired on March 23, 2016 — Undisclosed
Nascent Objects acquired on September 19, 2016 — Undisclosed
Infiniled acquired on October 10, 2016 — Undisclosed
CrowdTangle acquired on November 11, 2016 — Undisclosed
Faciometrics acquired on November 16, 2016 — Undisclosed
Ozlo was acquired on July 31, 2017 — Undisclosed
Fayteq was acquired on August 2017 — Undisclosed
tbh(app) acquired on October, 2017 — Undisclosed
confirm.io acquired on January 23, 2018 — Undisclosed
Bloomsbury AI was acquired on July 2018 — $30,000.000
RedKix acquired on July 26, 2018 — $100,000,000
Vidpresso was acquired on August 13, 2018 — Undisclosed
Chainspace acquired on February 2019 — Undisclosed
GROKSTYLE acquired on February 8, 2019 — Undisclosed
Sonics acquired on March, 2019- Undisclosed
Servicefriend acquired on September, 2019 — Undisclosed
CTRL-labs acquired on September,2019 — undisclosed, but reportedly between $500 million and $1 billion
Packagd acquired on September, 2019 — Undisclosed
Beat Games acquired on November, 2019 — Undisclosed
PlayGiga was acquired on December, 2019 — $70,000,000
Sanzaru Games acquired on February 2019 — Undisclosed
Scape Technologies on February 2020–40 Million
Giphy acquired on May, 2020–400 Million
Mapillary acquired on June, 2020 — undisclosed
Ready at Dawn acquired on June, 2020 — Undisclosed
Lemnis Technologies was acquired on September,2020 — Undisclosed
Kustomer acquired on November, 2020–1 Billion
Downpour Interactive acquired on April 30, 2021 — Undisclosed
Unit 2 Games acquired on June 4, 2021 — Undisclosed
BigBox VR acquired on June 11, 2021 — Undisclosed
AI. Reverie acquired on October 11, 2021 — Undisclosed
Within acquired on October 29,2021 — Undisclosed

Көрдіңіздер ме?

Біз күнделікті Фейсбукте, Инстаграмда, Уатсапта, VR ойындар мен технологияларда қолданып жүрген, араларыңызда кәсіпкерлер болса, Фейсбуктың жарнамалық кабинетіндегі аналитикалар, тіпті сол жарнама жасау қызметінің өзі, Фейсбуктегі фотоларды реттеу, жүктелген видеоларды сығу, сондай-ақ, естеріңізде болса, бірер жылдары осы әлеуметтік желіге жүктеген фотомыз арқылы бет әлпетімізді танып жатушы еді ғой? Сол технологияны да сатып алған. Инстаграм қолданушылар мен қазір Фейсбуктың, Уатсаптың, Мессенджердің барлық жерінде қаптап кеткен сторилерінде адамның бет әлпетін құбылтатын маскалар бар ғой? Сол мына беларус жастарының MSQRD деген стартапын сатып алып иемденген технологиясы негізінде жасалған. Ал енді қазір атауын Meta деп өзгертіп, Метакеңістік жасаймыз деп, AR/VR технологиясының көшбасшысы боламыз деп жатыр ғой? Соның бастауын бұлар Oculus деп аталатын компаниядан алған. Тұтастай өздері жасап шыққан дүние емес.

Тіпті бар ғой, Фейсбуктың жасырын ғылыми зерттеу институты бар. Сол жерде жасанды интеллект, компьютерлік зерделеу (computer vision дегенді аударғаным, бәлкім қате), машинаны оқыту, VR, AR, кванттық компьтер технологиясы сияқты сіз бен біз түсімізде де көрмейтін дүниелерді зерттеп жатыр. Соған жасанды интеллектің жілігін шағып майын ішкен, тіпті машинаны оқыту ғылымының негізін қалаушы, атасы деп айтса да болатын Ян Лекун сияқты ғалымдарды қызметке алған.

Яғни, біз білетін Фейсбук — тұтастай Фейсбуктың инженерлері мен программистері отырып алып ойлап тапқан, солардың ақылымен жүзеге асқан, шеберліктерімен жасалған дүниелерден тұрмайды. Ал Фейсбуктегі мамандар осы сатып алынған технологияларды интеграциялаумен, соның базасында жаңа функциялар қосумен айналысады.

Жоғарыдағы тізімді бір қарап шықсаңыз, көзіңіз жетеді.

Айтпағым, жас ІТ маманы, программист. Фейсбук мықты емес! Оның мықтылығы ақшасының көптігінде. Сіз мықтысыз! Сен мықтысың!

Фейсбукке жұмысқа орналасқың келе ме? Оқы, ізден, талаптан, міндетті түрде алады. Алайда, соңғы технологиялар негізінде өз күшіңмен қандай да бір шикі, иә, шикі стартап жасап көр. Бірақ, идеясы мен өте шебер ойластырылған технологиясы болсын, Марк Цукербергтің өзі жеке хабарласып, сатып алады.

--

--

Тимур Бектұр

IT аналитик, жаңа медиа маманы, кәсіби лектор.