Financial Times бойынша 2020 жылдың үздік технологиялық кітаптары

Тимур Бектұр
3 min readJan 12, 2021

--

FT журналисі John Thornhill технологиялық бағыттағы 2020 жылдың үздік кітаптарын жинақтап ұсынған екен. Қандай кітаптар екен, қарайық?

  1. Analogia: The Entangled Destinies of Nature, Human Beings and Machines by George Dyson.

“Аналогия: Табиғаттың, адамдардың және машиналардың шатасқан тағдырлары” деп аталатын Джордж Дайсонның кітабы.

Беринг-Чириковтың 1741 жылғы Сібірге жорығы мен АҚШтағы оптикалық телеграф барлау желісі, ағаш үйлер мен каяк дизайндары һәм жасанды интеллектің болашағы секілді әлемтапырық тақырыптардың басын қосқан бұл шығармада Джордж Дайсон технологиялар тарихы туралы айтады.

2. Facebook: The Inside Story by Steven Levy.

Стивен Левидің “Фейсбук: іштей көзқарас” атты кітабы.

Қоғамға өте көп әсер еткенімен, жұртшылық тарапынан түсінілмеген аздаған компаниялардың бірі — Фейсбук туралы. Технология саласындағы ардагер журналист Стивен Леви ежелгі Ұрымдағы Аугустус пен Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукербергтің ара-салмағын салыстырады.

3. How To Talk To Robots, A girls guide to Artificial Intelligence by Tabitha Goldstaub.

Табита Голдстауб: “Роботтармен қалай сөйлесу керек. Жасанды Интеллект жөнінде қыздарға арналған нұсқаулық”.

Ағылшын үкіметінің жасанды интеллект бойынша кеңесшісі, кәсіпкер Табита Голдстауб жасанды интеллект жөнінде жылы әңгімесімен қарсы алады. Технологиялық бас қатырар әңгімелерге ұрынбастан қарапайым да жеңіл тілмен жасанды интеллект жөнінде төтесінен түсіндіреді.

4. The Internet in Everything. Freedom and Security in a World with No Off Switch by Laura DeNardis.

Интернет барлық жерде: Сөндіру тетігі жоқ әлемдегі азаттық пен қауіпсіздік. Лаура ДеНардистің авторлығымен жарық көрген.

Осы күні технологиялық егемендік туралы көп әңгіме боп жүр. Лаура ДеНардис — интернеттің әкімшілік құруы жөніндегі тақырыпты қаузап жүрген маңдайалды ғалымдардың бірі, жұрттың барлығы тұрақты түрде онлайнда отырғанда және дүниедегі заттың барлығы интернетке қосылып тұрғанда қандай да бір нәтижеге жетудің қиындығы туралы айтады. Салмақты да маңызды.

5. The Future Is Faster Than You Think: How Converging Technologies Are Transforming Business, Industries, and Our Lives by Peter Diamandis and Steven Kotler.

Болашақ сен ойлағаннан жақын: Жаңа технологиялар біздің өмірімізді, бизнесті және индустрияларды қалай өзгертіп жатыр. Авторлары: Питер Дайемендис пен Стивен Котлер.

Тым күрделеніп кеткен мына өмірде технологиялық оптимизмге бойың тұнып тұрса, онда бұл кітап сен үшін. Ұшатын көліктер, зымыран аэропландар, 3d-принтерден басылып шыққан трансплант ағзалар мен смарт маталар жөнінде оқи аласың. Ықпалы орасан зор жаңа конвергент технологиялардың көптен күткен инновацияларға жетелеуін авторлар тәптіштеп түсіндіреді.

6. The Road to Conscious Machines: The Story of AI by Michael Wooldridge

Саналы машиналарға жол: Жасанды Интеллект тарихы. Авторы: Майкл Улдридж.

Біздің әлемге жасанды интеллект қалай әсер етпегі туралы “жерге түсіп” жазылған бұл кітаптың орны ерекше. Жасанды интеллект тақырыбындағы тарихи инсайттар мен бұл саланың денсаулық сақтау, көлік және еңбек әлеміндегі ықпалы туралы әсіре баяндаусыз жазылған еңбек.

Тәржімалаған: Тимур Бектұр

Материал ұнаса, бөлісіңіздер, пікір қалдырыңыздар, маған жазылыңыздар:

follow @timurbektur https://instagram.com/timurbektur

Телеграм канал: Тимурдан Инфо https://t.me/timurdaninfo

--

--

Тимур Бектұр

IT аналитик, жаңа медиа маманы, кәсіби лектор.