Samsung компаниясы Galaxy S21 сериясындағы флагмандарының презентациясын жасады

Тимур Бектұр
3 min readJan 15, 2021

--

photo credit: rozetked.me

Технологиялық жағынан уау дегізетін соншалықты көп жаңалық жоқ. Менің ойымша, оның басты себебі — Андройд болғандықтан. Яғни, Apple компаниясы темір-терсек жағынан анау айтқандай көп жаңалық әкелмесе де iOS операциялық жүйесі өзінікі болған соң, ұсақ-түйек болса да қолданушыларға аса қат боп жүрген бір-екі функцияны программалық деңгейде тығып жібереді де елдің алдында сүйкімді боп шығады. Мәселен, маған ең қажет боп жүрген функция — суретке түсіріп жатқанда қапталға жылжытып жіберу арқылы дереу видео қылып жалғастырып әкету. Оның алдында фотокамера режимінен видео режиміне ауысып отыру керек болатын. Қарапайым адамға ештеңе емес болар, бірақ блоггерлерге, фото-видео көп түсіретін, әсіресе сториға материал көп түсіретін адамдар үшін ең қажет дүние еді.

Иә, әңгіме Самсунг туралы ғой. Бейшара Самсунг, не істесе де, өзінің жеке мерекелік кешінде де Әпілден қашып құтыла алмады ғой;))

photo credit: rozetked.me

Сонымен, Galaxy S21, S21+ және S21 Ultra деген модельмен шыққан үшемнің кейпі суреттегідей. Бірден айтайын, беті — сол баяғы бет. Ничего нового. Ал артқы жағы қызықтау енд. Камераларды бөлектеп тастағаны дизайн тұрғысынан дөрекілеу көрінетін секілді. Бірақ, бұл жолы Самсунгке тас лақтыруға асықпадым.

photo credit: rozetked.me

Себебі, мына заманда смартфондарды ешкім жалаңаш ұстамайды ғой? Жарты миллион теңгеге маңдай термен болсын, басқа термен болсын алған соң, үстіне тағы 5–10 мың теңге қосып әспеттеп, қапшыққа салып аласың. Міне, суреттерді көрсеңіздер, осы кезде енді Самсунгтың бұл жолғы аппараттары одан әрмен сұлуланып шыға келеді. Әсіресе, мына қоңыр қаптағыштағы S21 Ultra өте әдемі көрінеді, иә? Өз басым “құладым”.

photo credit: rozetked.me

Барлығына да 120GZ жиілікпен қамтылған дисплей орнатылған деп жатыр. Бірақ біздің қазекең қанша ГЦ жиілік тұрғанын байқамайды да, бағаламайды да. Сондай-ақ, жалпы нарық онша ұната қоймаған Exynos процессорлары қойылыпты. Өздері енді “5 нанометр, шуылдайды” деп жатыр. Көрерміз.

Ультраның камерасы ғана 108МП қалғандарынікі сол 12МП. Есесіне, алдыңғы камерасы бәрінде 10МП! Сондай-ақ, Ультра енді S-pen стилусымен жұмыс істей алады. Бөлек сатып алу керек. Бірақ айта кетейін, мен кезінде именно стилус үшін Note8 алғам. 3 жыл ұстағанда 3-ақ рет қолдандым. Так ышто, қараңдар…

Айтпақшы, иә, қорапта зарядтағыш та жоқ, наушник те жоқ. Тек телефон мен кәбілі бар.

photo credit: rozetked.me

Сондай-ақ, Galaxy Smart Tag деген брелок шығарған. Заттар жоғалып кеткенде тез табуға жақсы. Және Galaxy Buds Pro сымсыз наушнигін де ұсынды. Қысқа-нұсқа айтсам, Galaxy Buds наушниктерінің түрі қоңызға ұқсағанымен, құлаққа өте әдемі тұрады және дауысы керемет👍

Сіздерге қалай, ұнады ма?

https://instagram.com/timurbektur

--

--

Тимур Бектұр

IT аналитик, жаңа медиа маманы, кәсіби лектор.