Жаңа әлем, қайта құру, есеп

Тимур Бектұр
3 min readApr 27, 2022

--

ХХІ ғасырдың жаңа шындығындағы адамдар, бизнес және брендтер: өмір сүру және даму стратегиясы

Өте үлкен һәм жан-жақты репорт: “Новый мир. Перестройка. ХХІ ғасырдың жаңа шындығындағы адамдар, бизнес және брендтер: өмір сүру және даму стратегиясы” деп аталады. Файлды менің https://t.me/timurdaninfo телеграм каналымнан жүктеп ала аласыз.

👉👉👉 PDF файл сілтемесі https://t.me/timurdaninfo/1276

Өте қызық! Несімен?

Әлем қазір қайда бара жатқаны және алдағы онжылдықта не болатыны туралы көптеген сараптама мәлімет бар.

Шынымды айтайын, “Зерттеу (research) және аналитикалық есептерді (отчет, report) оқып тұрамын, сіздерге де айтайын ба?” деген сұрақ қойғанымда сіздердің бір ауыздан “Иә, әрине, қызық және қажет” деген жауаптарыңызды алып қатты қуандым.

Неліктен?

Себебі, мен үнемі зерттей материалдарын оқимын, бірақ не үшін оқитынымды өзім де білмеймін. Былай қарап тұрсаң, өміріңді өзгертуге тікелей қатысы жоқ ақпарат, кейде тіпті артық мәлімет. Екінші жағынан, айналада, әлемде не болып жатқанын біліп отыру — маған сұмдық қызық. Сондықтан, өзімді жартылай “қуатын адаммын” деп есептейтінмін. Сөйтсем, өзімнің жалғыз еместігімді сезініп, мәз боп отырмын:))

Сонымен, мына бір бомба, жо, СУПЕР БОМБА зерттеуді оқыңыздаршы. Санаңызды төңкеріп жібереді.

Мәселен, осы уақытқа дейін біздің Қазақстан халқының, оның ішінде Маңғыстау облысының халық санына шаққанда туу көрсеткіші қарқынды түрде өсіп келе жатқанына қарап, адамзат саны өсіп жатыр деп ойлап жүрсем, әлемдік көрсеткіш бойынша мүлдем керісінше екен. Яғни:

1990 жылдары адам жасының медиан көрсеткіші 24 жас болса, 2070 жылы 42 болады екен. Ал 90 жылдары фертильді әйел саны 3-еу болса, 2070 жылға қарай 2-еу болады.

Бұл деген сөз: туу азайып, кәрілер саны өсе түседі.

Тиісінше, дәл осы есептен мен “күміс экономика” деген терминмен таныстым. Ол: 60-жастан асқандарға арналған нарықты білдіреді. Қызық, ә?

Өйткені, АҚШта қазірдің өзінде, бэби бумерлер (яғни 60-тан асқандар) тауардың 49%-ын тұтынса, жалпы кірістің 70%-ына иелік етеді.

Бұл деген сөз: кәсіпкерлер үшін үлкен жастағыларға арнап тауар не қызмет ұсыну мүмкіндігі барлығын көрсетеді. Ал мемлекет үшін, 60-тан асқандарға да жұмыс тауып беру керектігін айтады. Осы жерде айта кетейін, Маңғыстауда 2 айдан асты барлық дерлік мекемелердің қызметкерлері өз жалақыларын бірден 100%-ға көтеру туралы шарт қойып, митингке тоқтамастан шығып жатыр. Сондықтан, “басқа-басқа, мемлекеттік қызметкерлер осындай есептерді оқып тұруы керек” деп есептеймін.

Сондай-ақ, мені 2100 жылғы әлемдегі ең ірі қалалардың тізімі қатты таң қалдырды.

Сарапшылардың пікірінше, бірінші орында Нигерия астанасы Лагос болады, 88 миллион (!) тұрғынымен, екінші Конго астанасы Киншаса 83 млн, үшінші Танзания Дар-Эс-Салам 73 млн, қазір Токиода, әлемдегі ең ірі қалада 30 млн адам тұрады (кейбір рейтингтерде 30–40 млн тұрғыны бар Чунцин Қытай мегаполисі көрсетілген, бірақ бұл халық қала емес, барлық агломерацияны қоса алғанда).

Есептің 3-бөлігінде АТ-компаниялардың (АТ — ақпараттық технологиялық яғни ІТ) топ-менеджерлерінен, ғалымдардан, тренд жөніндегі мамандардан және түрлі салалардың басқа да сарапшыларынан көптеген дәйексөздер бар. Оқыңыз (Б.122, 130, 199–200).

Әрине, бұл көлемді және жан-жақты оның үстіне өте мағыналы тұрғыда көркемделген есептің ішіндегі барлық жазылған мәліметті пост ретінде айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан, өзіңіз pdf нұсқасында жүктеп алып, оқып шығыңыз. Және де, мүмкіндігіңіз болса, осы постқа пікір ретінде өзіңізді таң қалдырған және жаңа бір инсайт әкелген, қосымша ой тудырған сәттерін жаза кетіңіз. Осылайша материалдың пайдалылығын арттыра отырайық.

Сонымен? Не түйдіңіз?:))

--

--

Тимур Бектұр

IT аналитик, жаңа медиа маманы, кәсіби лектор.